Броньды танк қару-жарағы мен техникасын ұшқышсыз ұшу аппаратының әсерінен қорғауға арналған қорғаныш қаңқасының есептік моделін теориялық негіздеу


Қаралымдар: 39 / PDF жүктеулері: 17

Авторлар

  • А. Тоғусов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті
  • Т. Құрманғажинов «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ
  • E. Сеитов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті
  • М. Әлімжанов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ә. Қалиев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/3136-3385-2026-156-3-139-148

Кілт сөздер:

құрылым, қаңқа, торлы экрандар, үлгі, сым тор, элемент

Аңдатпа

Мақалада ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану арқылы пайдаланылатын зақымдаушы құралдардан броньды танк қару-жарағының қорғалу деңгейін арттыру мәселесі қарастырылады. Жауынгерлік машиналардың жоғарғы проекциясын пассивті қорғаудың қазіргі заманғы тәсілдері талданған, олар каркасты, торлы және экрандық конструкцияларды қолдануға негізделеді. Бұл қорғаныс құралдары қазіргі қарулы қақтығыстар жағдайында зақымдануы ең ықтимал аймақтардың бірі болып табылатын корпус пен мұнара төбесінің осал тұстарын ішінара өтей алатыны көрсетілген.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары жеткізетін оқ-дәрілердің тиімділігін төмендетуге арналған қорғаныш каркасының есептік моделін әзірлеу мен негіздеуге ерекше назар аударылған. Ұсынылып отырған құрылғының патенттік қорғауға ие болған конструктивтік сұлбасы ұсынылып, оған материалдар кедергісі теориясының ережелерін қолдана отырып теориялық талдау жүргізілген.

Шоғырланған және үлестірілген жүктемелер әсері кезінде каркастың негізгі элементтерінің кернеулі-деформацияланған күйі зерттеліп, соның негізінде конструкцияның беріктік пен қатаңдықтың рұқсат етілетін параметрлері айқындалды. Алынған нәтижелер бронетанк техникасын пассивті қорғаудың перспективалық құралдарын жобалау кезінде және ұшқышсыз ұшу аппараттары тарапынан төнетін қауіптерге қарсы кешенді жүйелерді әзірлеуде пайдаланылуы мүмкін.

Мақала 2025–2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми жобаны орындау аясында жарияланды, ИРН AR261059/024 «Броньды танк қару-жарағын ұшқышсыз ұшу аппараттарының соққыларынан қорғауға арналған құрылғының конструктивтік параметрлерін негіздеу және осы негізде оны жасауға арналған тактикалық-техникалық тапсырманы әзірлеу» (Зерттеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті тарапынан қаржыландырылады).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тоғусов, А., Құрманғажинов, Т., Сеитов, Е., Әлімжанов, М., & Қалиев, А. (2026). Броньды танк қару-жарағы мен техникасын ұшқышсыз ұшу аппаратының әсерінен қорғауға арналған қорғаныш қаңқасының есептік моделін теориялық негіздеу. Eurasian Journal of Applied Engineering and Technology (EJAET), 156(3), 139–148. https://doi.org/10.32523/3136-3385-2026-156-3-139-148

Журналдың саны

Бөлім

Көлік

Категориялар