Құбыр-сымдардағы жылу-массаалмасу аппаратының тұрақты саптамасының конструктивтік параметрлерін есептеу
Қаралымдар: 45 / PDF жүктеулері: 16
DOI:
https://doi.org/10.32523/3136-3385-2026-156-3-174-192Кілт сөздер:
жылу-массаалмасу аппараты, тұрақты саптама, құбыр-сымдар, пластиналы саптама, қалақшалы саптама, кеуектілік, көлемдік кеуектілік, эквивалентті диаметр, меншікті бетАңдатпа
Жұмыста құбыр-сымдар негізінде орындалған тұрақты саптамасы бар жылу-массаалмасу аппаратының конструкциясы қарастырылған. Саптама элементтерінің геометриялық параметрлері мен олардың аппараттың жұмыс аймағында орналасу ерекшеліктері талданды. Газ ағынының саптама элементтері арасында түзілетін ирек арналар арқылы қозғалу заңдылықтарына сүйене отырып, аппарат қимасындағы кеуектілік, көлемдік кеуектілік және эквивалентті диаметрді анықтауға арналған есептік тәуелділіктер алынды. Алынған теңдеулер саптама элементтерінің геометриялық өлшемдерін және олардың тік және көлденең бағыттардағы орналасу қадамдарын ескереді. Құбыр-сымдар орнатылған пластиналы және қалақшалы саптамалар үшін есептік параметрлерге салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері қалақшалы саптаманың кеуектілігінің жоғары болатынын, ал пластиналы саптаманың меншікті бетінің дамуы жоғары екенін көрсетті, бұл жылу- және массаалмасу процестерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.






