Журнал атауының өзгеруі
Журнал ребрендинг рәсімінен өтті. Жаңарту аясында оның бұрынғы «ЕҰУ хабаршысы. Серия: техникалық ғылымдар және технологиялар» атауы Eurasian Journal of Applied Engineering and Technology (EJAET) болып өзгертілді.
"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Техникалық ғылымдар және технологиялар сериясы» журналының редакциялық саясаты жарияланым этикасы жөніндегі комитеттің журнал редакторларына арналған (Committeeon Publication Ethics: COPE, promoting integrity in scholarly research and its publication / COPE: Committee on Publication Ethics) ғылыми жарияланымдар этикасы қағидаттары жөніндегі нұсқаулықта баяндалған, ең басты мынадай талаптарды қамтитын ғылыми мерзімді басылымдардың дәстүрлі этикалық қағидаттарына бағдар береді:
Авторлар үшін:
Мақалаларды редакцияға жіберу авторлардың баспагер, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, журналда мақалалар басып шығару және оларды кез келген шет тілінде қайта басып шығару құқығына келісімін білдіреді. Қолжазбаны редакцияға жібере отырып, автор(лар) ешкімнің авторлық құқығын бұзбағанына кепілдік береді. Авторлар журнал баспагеріне, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне шектеусіз мерзімге айрықша құқықтар береді:
Ұсынылатын мақалаларға қойылатын талаптар. Мақала:
Рецензенттер үшін:
Редакторлар үшін:
Бас редактор және редакция алқасының мүшелеріне келесідей міндеттемелер жүктеледі:
Бас редактор:
Редакция:
Журнал редакциясы мақала авторларымен тікелей жұмыс істейді және ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау бойынша авторларға қызмет көрсету агенттіктерімен жұмыс жүргізбейді.
Редакция авторлардың, редакторлар мен рецензенттердің этикалық емес мінез-құлқын анықтау кезінде қысқа мерзімде шешім қабылдауға міндетті. Авторлардың әдепке жат қылықтарына авторлар құрамын бұрмалау, жалған ғылыми мәтіндерді жариялау, оларды бұрмалау, дәйексөз келтірумен айла-шарғы жасау, заңсыз қарыз алу (плагиат), материалды басқа басылымдарға қатар беру жатады.
Қолжазбаны қарау немесе оны басып шығару алдында дайындау процесінде автордың(лардың) әдепке жат мінез-құлқы анықталған кезде редакция қолжазбаны одан әрі қараудан алып тастауға және автормен ынтымақтастықты тоқтатуға құқылы.Автордың әдепке жат мінез-құлқы оның мақаласы жарияланғаннан кейін анықталған жағдайда (қатар жариялау, авторлық құқықтарды бұзу, плагиат және т.б. фактілері анықталған) редакция автор (лар) дың әдепке жат мінез-құлқы туралы басқа журналдарды (мақала қатар жарияланған) хабардар ете отырып, журнал сайтынан да, сондай-ақ, мұрағаттау және ғылыми индекстеу базаларынан да мақаланы қайтару (алып тастау, кері қайтарып алу) туралы шешім қабылдауға құқылы. Редакция жарияланымға байланысты күрделі мәселелер (автордың әдепке жат мінез-құлқы, қателіктер және т.б.) анықталмаса, жарияланымды жою (ретрагациялау) туралы негізсіз шешімдер қабылдамауға міндетті.
Журнал рецензенттері мен редакторларының әдепке жат қылықтарына мақала мәтіндерін авторлардың келісімінсіз басқа журналдарға беру, авторлар материалдарын үшінші тұлғаларға беру, авторлық құқықтарды, редакциялық процестердің құпиялылығы қағидатын бұзу, сондай-ақ, авторлармен және қолжазбамен байланысты ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен және басқа да өзара іс-қимылдар мен қатынастар салдарынан мүдделердің болуына байланысты материалдарды қолдау жатады.
Қарастырылған қолжазбаларға немесе жарияланған материалдарға қатысты шағымдар туындаған жағдайда редакция алқасы тиісті жауап шараларын қабылдауға міндетті: ең алдымен, мақала авторынан түсініктеме сұралады. Тергеу автордан қанағаттанарлықсыз жауап алған жағдайда ғана жүргізіледі.
Жоғарыда айтылмаған авторлардың, редакторлар мен рецензенттердің этикалық мінез-құлық нормаларын бұзудың ықтимал жағдайлары жариялау этикасы жөніндегі комитеттің ғылыми жарияланымдар этикасы қағидаттары жөніндегі нұсқаулықтың (Committeeon Publication Ethics: COPE, promoting integrity in scholarly research and its publication / COPE: Committee on Publication Ethics) негізінде шешілетін болады.
Редакция бас редакторға, редакция алқасы мен редалқа мүшелеріне, рецензенттерге журналда жариялауға мүмкіндік береді, бірақ олар өз ережелерін қолдана алмайды. Барлық мақалалар, соның ішінде, арнайы басылымдардың жауапты редакторларының мақалалары да рецензиялау рәсімінен өтеді және журналдың редакция алқасының отырысында қарастырылады.
Жарияланған мақалаларда қателер (формулаларда, техникалық себептер бойынша көрсеткіштерде) анықталған жағдайда түзетулер туралы ақпарат келесі нөмірлерде орналастырылуы мүмкін.
Web of Science
Журнал ребрендинг рәсімінен өтті. Жаңарту аясында оның бұрынғы «ЕҰУ хабаршысы. Серия: техникалық ғылымдар және технологиялар» атауы Eurasian Journal of Applied Engineering and Technology (EJAET) болып өзгертілді.